Мусапір Ж.К

DSC_0031

Жанұзақ Керімбекұлы Мүсәпір 1961 жылы 26 қазанда Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.  1969жылы Ақкөл орта мектебінің бірінші сыныбына барып, 1979жылы аталмыш мектепті үлгілі оқушылар санатында аяқтаған. 1979 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының көркемсурет факультетінде түсіп 1984 жылы өте жақсы бітірген. Сурет,сызу және еңбек пәнінің мұғалімі.1984-1991 жылдары  — мұғалім, мектеп директорының орынбасары,мектеп директоры. Жоғарғы санаттағы ұстаз-педагог. Республикалық көрмелердің жеңімпазы.

1991-1993 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы өнер институтында оқытушы және «Қазақфильм» киностудиясында суретші-режиссер болып жұмыс істеді. Алматы телеарнасында 1993 жылдан бастап  режиссер. 1995 жылдан «Рахат» телеарнасында редакторлық қызметке ауысады. 1998-2001 жылдар осы телеарнаның Бас редакторы, ал 2001 жылдан 2007 жылға дейін «Рахат» телеарнасының қазақ тілді бағдарламалар Дирекциясының Директоры қызметін атқара жүріп, ол  түрлі экономикалық-әлеуметтік тақырыптарды қозғады. Еліміздегі бірнеше телеарналарда елге танымал болған сүбелі хабарлар жасап, қазақ теледидарының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты. «Ойтолқын»,«Елтаным» бағдарламасында қоғамдағы батыр аналар мен елағаларының портреттерін ашу арқылы қоғамды жаңа бетбұрысқа тәрбиелей білді. «Серпін» бағдарламасында жаңадан құрылған еліміздің экономикасының дамуына қалай үлес қосамыз, қалай еліміздің ертеңін жақсартамыз деген ұрпақтың ұранын көтерген хабарлар дайындады. «Адам және заң» бағдарламасы арқылы көрермендерге заңды құзырлы мемлекет орнатудың жолдарын түсіндірді, өзі де заңгер ретінде белсене ат салысты.Әсіресе жүрегіне жақын«Інжу-маржан» бағдарламасын белгілі өнертанушы ғалым,композитор қоғам қайраткері Илия Жақанов, ҚР Халық әртісі, дәстүрлі әншіміз Қайрат Байбосыновтармен бірге ашып қазақ ән өнеріне де бір кісідей еңбек сіңіре білді.Тек журналист ғана емес оның түсірлуіне көркемдік жағына да маңызды мән бере отырып сапалы бағдарламалар түсірді және жетекшілік жасады. Әсіресе қазақ өнерін келешек ұрпаққа жеткізуде «Інжу-маржан» бағдарламасы арқылы танылды. Он жылға жуық Қазақстанның түкпір-түкпірін аралып түсірген өнер маржандарының өзі 400ге жуық, сол бағдарламалар болашақта баға жетпес дүниелер болатыны анық. «Тәулік тынысы» атты ақпараттық сараптамалық бағдарламаның жұмысына да үнемі басшылық жасап саясаттың саңлағы бола білді. Жанұзақ Керімбекұлы тек басшылық жұмыстар мен жүрмей Үлкен концерттер мен жыйындарды түсіру мүмкіндігін шебер меңгерді /ПТС / Жылжымалы телестансаны  өзі басқарып режиссерлік жұмыстың шыңын бағындыра білді.

2007жылы сәуірден -2009 жылғы сәуір аралығында «Хабар» агенттігі Ақпараттық бағдарламалар Дирекциясы Директорының орынбасары болып істеген Жанұзақ Керімбекұлы халқымыздың ұлттық болмысы мен мәдениетін өркендетуге өзіндік үлес қосып, үлкен шығармашылық үрдісте қаламын ұштаған өз ісінің майталманы.«Хабар» арнасындағы тікелей эфирдегі «Көзқарас» бағдарламасы арқылы қазақ халқының зиялы қауымы, ақын-жазушылар, өнер, мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығы мен ғұмырнамасы туралы тереңнен тартқан хабарлары ел руханиятына мол үлес қосты. Арғы тарихтағы Құрманғазы, Дина, Махамбет, Абай, Шәкәрім,Әсет,Тәтімбет,Сүйімбай, Жамбыл туралы түсірілген шоқтығы биік дүниелер өз көрерменін таба білді.Махамбеттің туғанына 200 жыл толу құрметіне арнайы түсірілген 8 деректі фильмінен өз ісінің кәнігі шеберінің қолтаңбасын көруге болады. Қазақтың белгілі күйшісі,ҚР халық әртісі Қаршыға Ахмедяровпен бірге шығармашылық ізденістен туған фильмдер  «Махамбет» атындағы сыйлықпен марапатталды. 2009жылдың сәуірінен-2013жылғы сәуір аралығында Жанұзақ Керімбекұлы «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының директоры ретінде Тәуелсіз Қазақстанымыздың саяси-экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өмірінде болып жатқан оқиғаларды көпшілікке жеткізу жолында абыроймен еңбек етті.Қазақстан ұлттық арнасының Астана қаласындағы атқарылған барлық жұмыстарының басы қасында болып елордамыздағы әрбір игі істің атқарылуына бар қүш жігерін салып өз жұмысын биіктен көрсете білді. 2009жылы 25 мамырда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен тікелей эфирде хабар жүргізді.Бұл да Жанұзақ Керімбекұлының журналистика саласындағы атқарған жұмыстарының жемісі мен жеңісі.2013 жылғы сәуірден -2014жылғы қаңтар «Мәдениет» телеарнасы директорының орынбасары қызыметін атқарды. 2014 жылғы Қаңтардан-2014жылғы қыркүйек «Білім және Мәдениет» телеарнасы директорының орынбасары, және «Астана онлайн» ақпараттық бағдарламасының жүргізуші-редакторы болды. Аптасына бес күн қатарынан шығатын бұл бағдарлама мәдениет пен өнер әлеміне жаңаша дем бере білді. Осылайша жаңа арна еліміздің мәдени өмірі мен ағартушылық саласына белсене ат салысты. 2014жылдың қыркүйегінін бүгінгі күнге дейін «Білім және Мәдениет» телеарнасының атқарушы продюсері.  Жанұзақ Керімбекұлының суретшілік қыры да ұзақ жылдар бойы өнерсүйер қауым мен кәсіби ортада жоғарғы бағаға ие болып келеді.

Өткізген көрмелері:

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж   Астана қаласында – 2011жылы 26 қазанда ҚР Президенттік мәдениет орталығының «Қасиет» залында «Қылқалам ұшындағы ғұмыр»  атты жеке көрмесі ашылды.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж Алматы қаласында – 2012 жылы Желтоқсан айында Ә.Қастеев музейінде 100ден аса Қазақстанның таңдаулы суретшілерімен бірге «Қазақ халқының эпостық жырлары,тарихы мен дәстүрлері» атты өткен көрмеге қатысты.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж  Ақмола облысының Көкшетау қаласында-2013жылы 2 қазанда тарихи -өлкетану музейінде Абылай ханның 300 жылдығына арналған    «Көкшеде ту көтерген Абылай хан» атты жеке көрмесін облыс тұрғындарына таныстырды.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж  Астана қаласы. 2013 жылы 3 қарашада «Қәзіргі заман өнер мұражайында»  «Туған жер бояулары» атты жеке көрмесін  Астана көрермендері мен қонақтарына арнады.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж  Астана қаласында, 2013жыл 3 қарашада «Қара шаңырағым» атты кітабының тұсау кесері өтті.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж  Польша. Янова,Эльблог қалаларында2013жылы 18-24Тамызда «IMPRESJE» атты Халықаралық суретшілер симпозиумына  қатысып, көрме өткізді.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж  Астана қаласында 2014жылы 4-шілдеде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен ашылғанҚР Ұлттық Музейіге жұмыстары қабылданды,Қазіргі заман суретшілерінің залында көрмеге қойылған.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж  Астана қаласында 2015 жылы Сәуірде Тәуелсіздік сарайында «Нұрлы жол белестері» атты Астана суретшілер одағының ұыймдастыруымен өткен көрмеге қатысты.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж  Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Тарихқа тағзым» атты жеке көрмесі.Астана қаласы,Тәуелсіздік Сарайы. 28 Мамырдан 28 Қыркүйек 2015жыл.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж БАӘ. АБУ-ДАБИ қаласы. 2015жылы 18-қараша мен 15-желтоқсанда Біріккен Араб әмірліктері тәуелсіздік күнінің 44жылдығы қарсаңына орай   6-Халықаралық мәдениет фестивальіне қатысып, Арабтардың тапсырысы бойынша бірнеше картиналар жазып, көрме өткізді.

МҮСӘПІР ЖАНҰЗАҚ КЕРІМБЕКҰЛЫ.1961ж. Дубай қаласы. 2015 жылы 10 желтоқсан, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығына байланысты Дубай қаласында көрме өткізді.

ЖанұзақМүсәпірдің туындылары Қытай,Англия, Польша, Германия,Ресей, Украина, Марокко, БАӘ, Ауғанстан, Босния, және тағы басқа да мемлекеттерде жеке коллекционерлердің қорында,өнер мұражайларында бар.

Жанұзақ Керімбекұлы МҮСӘПІР тележурналист,режиссер,суретші, Журналисттер және Суретшілер одағының мүшесі, Алматы облысы,Балқаш ауданының «Құрметті азаматы», Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталған, ҚР «Мәдениет қайраткері». ҚР Көркем Академиясының академигі,