Маханбетов С.О.

Маханбетов Сейсенхан Орынбекұлы

Жеке мәліметтер:       21.03.1960 ж.

Ұлты:        қазақ

Тұрғылықты жері:      Астана қаласы

Білімі:                            жоғары: 1978-1983 жж. С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультеті

Еңбек тәжірибесі:

– 1983 жылы Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, кейін «Жаңа фильм – Новый фильм» журналында көркемдеуші редактор, редактор;

– 1987 жылдан «Білім және еңбек», кейін «Зерде» журналында көркемдеуші редактор;

– 1989 жылдан «Алматы ақшамы» қалалық газетінің суретшісі, тілшісі;

– 1991 жылдан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының газеті «Иманды» құрды, онда Бас редактордың орынбасары;

– 1992 жылдан «Мәдениет – культура» газетінің жауапты хатшысы, Бас редактордың орынбасары;

– 1996 жылы Республикадағы тұңғыш діни-мәдени көпшілік журнал «Ислам әлемін» ашты, 2000 жылға дейін Бас редакторы қызметінде болды;

  • 2000 жылдан күні бүгінге дейін республикалық «Ислам және өркениет» газетінің және «Қазақстан өнері – Искусство Казахстана» журналының Бас редакторы болып істейді.
  • 2008 жылы ҚР Мәдениет қайраткері, 2012 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атақтарын иеленді. ҚР Журналистер Одағының және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.
  • Қазақстан суретшілері туралы көптеген мақалалардың авторы. Картиналары Қытай, Түркия, Ресей, т.б. елдердегі жеке тұлғалардың қорларында сақтаулы.

1986 жылдан Республикалық көрмелер мен симпозиумдарға қатысушы.

 

  • No portfolio items found.