Исмаилов У.Д.

9BrXe9GfTqs

Исмаилов Өмірәлі Дауренбекұлы

Исмаилов Өмірәлі — 1970 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесін бітірген (1992). Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (1998). ҚР Суретшілер Одағының және Дизайнерлер Одағының мүшесі, Қазақстан Респуликасы Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі. Астана қаласы Суретшілер Одағының Жастар бірлестігінің төрағасы. Астанада тұрады және сонда еңбек етеді.

Исмаилов Өмірәлі Дәуренбекұлы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің 2000, 2001 жылдардағы Қызылорда облысынан қатысушысы. 2002 жылы Астана қаласының атынан қатысты.

2000 жылдың қараша айында «Вечерняя Астана» газетінде ІІІ «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі жайлы мақалада Ө. Исмаиловтың жұмыстары ерекше аталып өтті.

2001 жылы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне Сәулет өнері кафедрасына аға оқытушылыққа шақырылды. Өнер саласы бойынша мамандар даярлауға үлкен үлесін қосып келеді. Бірнеше рет университет басшылары атынан және Астан қ. Суретшілер Одағының атынан марапаттарға ие болды.

2009 жылы ҚР Дизайнерлер Одағына мүше болды.

2010 жылы Астана қ. Суретшілер одағы Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, 2013 жылы Жас суретшілер бірлестігінің төрағасы болып сайланды. Талантты жастарды біріктіріп, олардың шығармашылық жағынан өсуіне үлкен үлесін қосып келеді. Ө. Исмаиловтың бастауымен Астана қаласы бойынша жас суретшілердің бірнеше көрмелері ұйымдастырылды.

2014 жылы ҚР Суретшілер одағына мүше болды. Астана қаласының                                                 «Суретшілер одағы» Қоғамдық   бірлестігіндегі түрлі іс-шараларға белсене ат салысып келеді.

2015 жылы Астана Күніне орай ұйымдастырылған «Ыстамбұлдан Астанаға Өнер Көпірі» атты ортақ сурет көрмесі жобасына орасан үлесі үшін Астана қаласындағы Түрік мәдениет орталығының алғыс хатын иеленді.

2015 жылы «Қазақстанның өнерлерінің аптасы» Халықаралық көрме-конкурсына қатысып, сертификат иеленді және мастер-класс өткізгені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2015 жылы Астана қаласындағы Ресейлік ғылым мен мәдениет орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орайластырылған «Творческие порывы молодежи» атты көрмесін ұйымдастырып, алғыс хатпен марапалды.

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орайластырылған Еуразия дизайнерлер одағының  ІІ Халықаралық көрмесіне қатысып, «Кескіндеме жұмыстарының сериясы» үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2015-2016 жж. «Ұлттық музейге сый тарту» акциясына қатысып, тарихы маңызы бар құнды заттарды ұлтымыздың ұлы тұлғаларының жәдігерлерін кәсіби тұрғыда сақтау ісіне өз үлесін қосқаны үшін ҚР Ұлттық музейдің алғыс хатымен марапатталды.

2016 жылы Астана күніне арналған «Астана-2016» Халықаралық биенналеге қатысты.

2016 жылы Қазақстан, Ресей және Қырғыз суретшілерімен бірлесіп Халықаралық «Art-balaban» тобы қатарында  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырып Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында көрмеге қатысты.

2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырылған «Жан сазы» атты жеке шығармашылық көрмесін өткізді. Жеке көрме туралы Республикалық, қалалық БАҚ-да мақалалар жарияланды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

2017 жылы «TURKSOY» Халықаралық ұйымы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ұйымдастыруымен «Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Түркістан қаласындағы өткен ХХ-шы «TURKSOY» суретшілер пленеріне қатысып, үздік кескіндеме туындысын жасағаны үшін сертификатқа иеленді.

Кескіндеменің барлық дерлік жанрларында жұмыс істейтін Өмірәлі Исмаиловты өз халқының өткені, көп жылдар бойы қалыптасқан қазіргі уақыт — бүгінгі өзекті өмір екі есе мазалайды. Ол тарихи пейзаждарға жиі қалам тартады: «тарихи мекен-жай» орнымен байланысты нақты табиғат бейнесінің дәйекті келбетінде өткен жағдайлар жайлы естеліктер қабатталып қалған Бурабай, Маңғыстау, Арал көріністері. Суретшінің генетикалық санасы тудырған ассоциациялар тізбегімен көлемді, эмоционалды қанық көркем бейне пайда болады, оның қалыптасуында жазу мәнері белсенді түрде қатысады: қатаң жағысты экспрессия немесе байсалды ашық кескіндеме. Тұрмыстық көріністер, өткен күннің қаһармандық оқиғалары, қаһармандардық ерліктері туралы әңгімелер — бәрі кең табиғат аясына еніп, өткенді бүгінгі күнмен сенімді түрде байланыстыруға мүмкіндік береді. Алайда өз халқының өткен тарихи өміріне деген асқан құрметіне қарамастан Өмірәлі — әлі ыстығы басылмаған, ізденуші, әртүрлі стильдер мен жазу техникасын еркін меңгерген, өз заманы мен халқы туралы барынша көбірек айтып беруді қалайтын заманауи суретші.

Ө. Исмаиловтың туындылары мерзімді басылымдарда және мамандандырылған  көркемдік басылымдарда атап өтілді: «Живопись Казахстана», Художники Казахстана за годы Независимости «Ұлы дала мәнері» және т.б., республикалық телеарналардың арнайы хабарларында: телеарна Мәдениет, Қазақстан, Хабар, 24 КЗ және т.б. Оның  шығармалары Астана, Алматы, Семей, Қостанай мұражайларында және Қазақстан, Ресей, АҚШ-та және т.б. жеке коллекцияларда сақталуда.

3 Исмаилов У. Кус жолы. стекло.м. 1999 42,5х59.5 Исмаилов У. Триптих.Баконур.2. 2016 г. х.м. раз. 127 х 105 см.